«Тобыл» қорғаушысы балалар үйіне көмектесті

«Тобыл» қорғаушысы балалар үйіне көмектесті
news-banner7
mobile-news-top

«Тобыл» футбол клубының және Нигерия құрамасының қорғаушысы Стивен Эзе балалар үйіне көмектесті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы қостанайлық клубтың ресми сайты хабарлады.

Футболшы тағам және денсаулық сақтау өнімдерін өзінің туған қаласы Макурдидегі балалар үйіне жеткізіп берді.

Айта кетейік, Эзе балаларға бірінші рет көмектесіп отырған жоқ. Ол жыл сайын 3-4 рет қайырымдылық шараларына қатысып, балалар үйіне көмектеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер