Командалық

НБА маусымы Флоридада жалғасуы мүмкін

НБА маусымы Флоридада жалғасуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық баскетбол қауымдастығы (НБА) маусымның қалған бөлігін Флоридадағы Disney World ойын-сауық саябағында өткізуді жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

НБА басшылығы саябақ иелерімен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Дерек көздеріне сүйенсек, ойыншылар маусым айының ортасында жаттығуға оралады. Ал матчтар шілде айының ортасында басталады. Қазіргі уақытта осы нұсқа ең ыңғайлы деп бағаланып отыр.

Айта кетейік, НБА тұрақты маусымы коронавирусқа байланысты наурыз айында тоқтатылған болатын.

Мамыр айының ортасында НБА комиссары Адам Сильвер маусымның қашан жалғасатыны туралы шешім 2-4 апта ішінде қабылданатынын мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер