Әлем футболы

«Бавария» Нойермен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Бавария» Нойермен келісімшарт мерзімін ұзартты
news-banner7
mobile-news-top

Мюнхендік «Бавария» команда капитаны Мануэль Нойермен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы неміс клубының ресми сайты хабарлады.

34 жастағы қақпашымен жасалған жаңа келісімшарт 2023 жылдың жазына дейін жарамды.

Айта кетейік, Германия құрамасының қақпашысы «Баварияға» 2011 жылы «Шалькеден» ауысып келді. Содан бері жеті дүркін Германия чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында, клубтар арасындағы әлем чемпионатында, УЕФА Суперкубогында топ жарды. Бұдан бөлек Германия Кубогын төрт рет, Германия Суперкубогын төрт рет жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер