Хоккей

Халықаралық хоккей федерациясы 2021 жылғы Әлем чемпионатының өтетін уақытын ауыстырғысы келеді

Халықаралық хоккей федерациясы 2021 жылғы Әлем чемпионатының өтетін уақытын ауыстырғысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық хоккей федерациясының президенті Рене Фазель IIHF Латвия мен Беларусьті 2021 жылғы әлем чемпионатын екі аптаға алға жылжытуға көндірмек, деп хабарлайды Prosports.kz РИА «Новостиге» сілтеме жасап.

«Келесі маусымда не болады - бұл өте қиын мәселе. Желтоқсанда жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталған кезде, біз де ойнай аламыз ба, оны әлі білмейміз. Латвия мен Беларусьтегі Әлем кубогын екі аптаға алға жылжытуға тырысамыз. Бұл мәселе әлі шешілген жоқ, бірақ талқыланады. Біз бұл елдермен ауыстыру туралы келіссөздер жүргіземіз», - деді Фазель.

2021 жылғы хоккейден әлем чемпионаты Минск пен Ригада 7-23 мамыр аралығында өтеді деп жоспарланған. Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы әлем чемпионаты өтпейді. Ол доданың жалау Швейцарияда желбіреуге тиіс еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер