Илья Ильин - төрт дүркін әлем чемпионы

Илья Ильин - төрт дүркін әлем чемпионы

Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының ерлер арасындағы 105 келіге дейін салмақ дәрежесінде Илья Ильин алтын жүлде алды, деп сүйінші сұрайды «PROСПОРТ».

Бұған дейін 94 келі салмақта әлемді үш рет мойындатқан қазақстандық Илья Ильин 105 келіде де өзін суда жүзген балықтай сезінді. Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы тұғырға бірінші шығарында 183 келіге тапсырыс беріп, оны оңай еңсерді. Кейін 187 келі зілтемір де қазақстандыққа бағынды. Илья үшінші мүмкіндігінде 190 келіні де қиналмай көтере алды. Бұл көрсеткіш Ильинге жұлқа көтеру жаттығуы бойынша шағын қола жүлде алып келді. Ал алғашқы жаттығуда алтын медальды өзбек ағайынымыздың абыройын қорғайтын Руслан Нуридинов жеңіп алды. Руслан жұлқа көтеруде Ильядан үш келі ауыр зілтемірді бағындырды. Ал шағын күміс жүлде Аспан асты елінің өкілі Ян Чжэнің мойнында кетті - 191 келі.

Айта кетерлік бір жайт, армениялық Симон Мартиросян 183 келіні көтеріп, жасөспірімдер рекордын жаңартты. Бұған дейінгі рекорд иесі де Мартиросянның өзі болатын  - 182 кг.

Қазақстандық жанкүйерлер серпе көтеру әдісін асыға күткені анық. Себебі дәл осы жаттығуда Ильяға тең келер ешкім жоқ. Бұны отандасымыз дәлелдеді де. Күткеніміздей қазақстандық ауыр атлет 233 келіге тапсырыс беріп, тұғырға соңғы боп шықты. Жанкүйерлерінің қолдауымен Илья зілтемірді төбесіне көтерді.

Жалпы екінші жаттығуда тартыс үш зілтеміршінің арасында өрбіді - Руслан Нуридинов, Илья Ильин және ресейлік Давид Бенджанян.

Ильин екінші мүмкіндігінде рекордтық өлшемге, 239 келіге, тапсырыс берді. Өкінішке қарай, бұл мүмкіндігінде зілтемір қазақстандыққа бағынбады. 239 келіге Нуридинов те тапсырыс берген. Өзбекстандық өз мүмкіндігін мүлт жібермей, зілтемірді көтере алды. Кһп ұзамай су жаңа рекордты Бенджанян қайта жаңартты - 240 келі. Енді Ильяға 242 келіні көтермеске шара қалмады. Намысқой ауыр атлетіміз зілтемірді төбесіне көтеріп, бүгінгі сайыста рекордты үшінші рет жаңартып қана қоймай, төрт дүркін әлем чемпионы атанды - 432 (190+242) келі.

Ал қоссайыс бойынша 432 (193+239) келіні көтерген өзбекстандық Руслан Нуридинов екінші орынды еншіледі. Ал қола медальды ресейлік Давид Бенджанян (187+240=427 кг) мойнына тақты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или