Илья Ильин жұлқа көтеруден қола медаль алды

Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының ерлер арасындағы 105 келіге дейін салмақ дәрежесінде жұлқа көтеру жаттығуы аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл салмақта еліміздің намысын екі дүркін Олимпиада, үш дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қорғап жатыр. Отандасымыздың жұлқа көтерудегі ең жақсы нәтижесі - 190 келі. Бұл көрсеткішпен Илья бірінші жаттығудан соң 3-орынға тұрақтады. Ал әзірше бірінші орынды 193 келіні бағындырған өзбекстандық Руслан Нуридинов ұстап тұр. Шағын күміс медаль болса, қытайлық Ян Чжэнің мойнында кетті - 191 кг.

Бір айта кетерлігі, эквадорлық Хорхе Давид Арройо Валдез пен бразилиялық Патрик Ирз Мендес үш мүмкіндігін де пайдаланбай, «баранка» алды. Ал 17 жасар армениялық зілтемірші Симон Мартиросян 183 келі зілтемірді көтеріп, жасөспірімдер рекордын жаңартты (бұған дейінгі рекордты да Мартиросян орнатқан).

Жұлқа көтеру жаттығуының нәтижесі:

1. Руслан Нуридинов (Өзбекстан) - 193 кг

2. Ян Чжэ (Қытай) - 191 кг

3. Илья Ильин (Қазақстан) - 190 кг

4. Давид Беджанян (Ресей) - 187 кг

5. Симон Мартиросян (Армения) - 183 кг

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или