ӘЧ. Анна Нұрмұхамбетова алтыншы орынға тұрақтады

ӘЧ. Анна Нұрмұхамбетова алтыншы орынға тұрақтады

Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық Анна Нұрмұхамбетова 6-шы орынға табан тіреді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

75 келіге дейін салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жұлқа көтеру жаттығуында алтыншы орын алды. Анна тұғырға шыққан сайын нәтижесін бес келіге жақсартып отырды. Алдымен алғашқы берген тапсырысы 105 келіні еңсерсе, екіншісінде 110 келілік зілтемірді де төбесіне көтере алды. Кейін 115 келіні де оңай бағындырды. Жұлқа көтеру жаттығуында шағын жүлделерді 126 келі көтерген зілтеміршілер бөлісіп алды. Бірінші орынды салмағы жеңіл ресейлік Надежда Евстюхина (74.40 кг) еншіледі. Қытайлық Кан Юэ (74.51) бірнеше граммға ауыр болуына байланысты екінші орынды місе тұтты. Ал шағын қола жүлдені КХДР өкілі Ким Ун Джу (74.63) мойнына тақты.

Серпе көтеру әдісінде де Анна Нұрмұхамбетова ортаңқол зілтеміршілердің арасында болды. Жерлесіміз бұл жолы да әр мүмкіндігі сайын нәтижесін бес келіге жақсартып отырды. Тұғырға бірінші шыққанында Анна 125 келіні көтерсе, кейін 130 келілік зілтемірді алды. Үшінші мүмкіндігінде 135 келіге тапсырыс беріп, оны да еңсерді. Осылайша Анна серпе көтеруде жетінші орынды місе тұтты. Ал шағын алтын медальды КХДР спортшысы Ким Ун Джу алды - 157 кг. Екінші жаттығуда күміс медальды да Солтүстік Корея зілтеміршісі мойнына тақты - Рим Чжон Сим 153 келіні көтеріп, екінші орынға жайғасты. Дәл осы салмақты еңсерген ресейлік Надежда Евстюхина шағын қоланы қанағат тұтты.

Қоссайыс есебі бойынша әлем чемпионатының алтын жүлдесін 283 (126+157) келіні көтерген КХДР спортшысы Ким Ун Джу иеленді. Күміс медаль ресейлік Надежда Евстюхинаның (126+153=279 кг) мойнында кетті. Ал үздік үштікті қытайлық Кан Юэ түйіндеді - 277 (126+151) келі. Отандасымыз Анна Нұрмұхамбетова (115+135=250 кг) алтыншы орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или