Әлем футболы

Зайнутдинов, Қуат және Бахтияров 21 маусымда жасыл алаңға оралады

Зайнутдинов, Қуат және Бахтияров 21 маусымда жасыл алаңға оралады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Ресей чемпионаты 21 маусым күні қайта жалғасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл шешім бүгін өткен Ресей Футбол Одағының отырысында қабылданды.

Ресей Премьер-лигасының ағымдағы маусымын қайта бастау немесе мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралған отырыс нәтижесіне сай, чемпионат 21 маусымда өз жалғасын табатын болды.

«Тинькофф РПЛ маусымы 21 маусымда қайта жалғасады. Командаларға бір матчта 5 ойыншы алмастыруға рұқсат етіледі. Ал Олимп-ФНЛ мен Олимп-ПФЛ 17 наурыздағы нәтиже бойынша аяқталады», - деп жазды РФО баспасөз қызметі.

Бұған дейін бірқатар ресейлік басылым чемпионаттың мерзімінен бұрын аяқталатынын жазған болатын. Бірақ түпкілікті шешім жанкүйерлердің қуанышына орай мүлде басқаша шығып отыр.

Ресей Премьер-лигасында үш қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді. Олар - Бактиер Зайнутдинов («Ростов»), Исламбек Қуат («Оренбург») және Акмаль Бахтияров («Сочи»).

Айта кетейік, РПЛ коронавирус пандемиясына байланысты 17 наурызда тоқтатылған болатын.

Ресми: Германия чемпионаты 16 мамырда жалғасады

Германия чемпионаты: Бір ойында 5 футболшы алмастыруға болады

Испания чемпионаты қашан басталады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер