Әлем футболы

Германия чемпионаты: Бір ойында 5 футболшы алмастыруға болады

Германия чемпионаты: Бір ойында 5 футболшы алмастыруға болады
news-banner7
mobile-news-top

Германия Бундеслигасы 16 мамыр күні қайта жалғасады, деп жазады Prosports.kz.

Алғашқы кездесу 16 мамыр, сенбі күні дортмундтық «Боруссия» мен «Шальке-04» арасында өтеді. Ойындарға көрермен жіберілмейді.

Германия футбол лигасы (DFL) чемпионат басталғаннан кейін орын алатын ең ірі өзгерісті атады. Енді әр команда ойын барысында 3 емес, 5 футболшы алмастыра алады.

Бір ойында бес ойыншы алмастыруға Халықаралық футбол қауымдастығының өзі рұқсат берген. Бірақ бұл уақытша шешім, коронавирусқа байланысты тоқтатылған маусымның қалған бөлігі осы ережеге жүгінеді.

Сондай-ақ, Футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесі (IFAB) бұл реформаның міндетті емес екенін, әр лига бұл мәселе бойынша өзі шешім қабылдайтынын айтқан. Соған сай Германия Бундеслигасы бес ойыншы алмастыру шешімін енгізіп отыр.

Бір айта кетерлігі, әр команда 5 ойыншыны 3 ретте ауыстырып болуы керек. Бұл ереже ойын уақытын көп алмау үшін енгізіліп отыр.

Айта кетейік, Германия чемпионаты COVID-19 пандемиясына байланысты 13 наурыз күні тоқтатылған болатын.

Ресми: Германия чемпионаты 16 мамырда жалғасады

Ресми футбол матчтарында 5 ойыншыға дейін алмастыруға рұқсат етіледі

«Боруссия» бос стадионды жанкүйерлердің фотосуретімен толтырады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер