Әлем футболы

Ресей чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталады

Ресей чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталады
news-banner7
mobile-news-top

Ресей футбол одағы көптеген клубтардың пікірін ескере отырып, РПЛ-дің 2019/20 жылғы маусымын мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

«СЭ» басылымының хабарлауынша, бұл шешім 15 мамырда ресми қабылданады.

Осылайша, қазір турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Зенит» мерзімінен бұрын Ресей Премьер-лигасының чемпионы атанады.

Сонымен қатар, «Зенит» (1-орын) және «Локомотив» (2-орын) Чемпиондар лигасына тікелей жолдама алады, «Краснодар» (3-орын) Чемпиондар лигасының іріктеу турниріне қатысады. «Ростов» (4-орын) бірден Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алады. Ал ЦСКА (5-орын) Еуропа лигасының іріктеу турниріне 3-турдан бастап, «Динамо» (6-орын) 2-турдан бастап қатысады.

Турнирлік кестеде соңғы екі орында тұрған «Крылья Советов» пен «Ахмат» ФНЛ-ге түспейді.

Айта кетейік, РПЛ коронавирус пандемиясына байланысты 17 наурызда тоқтатылды.

«Зенит» мерзімінен бұрын чемпион атануы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер