Әлем футболы

«Зенит» мерзімінен бұрын чемпион атануы мүмкін

«Зенит» мерзімінен бұрын чемпион атануы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Ресей футбол одағының бас хатшысы Александр Алаев чемпионаттың мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Оның айтуынша, бұл нұсқа бойынша, қазір турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Зенит» мерзімінен бұрын Ресей Премьер-лигасының чемпионы атанады.

Биылғы чемпионаттың қалған бөлігі өтпесе, ешбір команда ФНЛ-ге түспейді. Ал ФНЛ-де үздік екі команда РПЛ-ге жолдама алады. Сөйтіп, келесі маусымда РПЛ-де 18 команда бақ сынайды.

Сонымен қатар ол соңғы шешімді РФО атқарушы комитеті қабылдайтынын айтты.

Айта кетейік, РПЛ коронавирус пандемиясына байланысты 17 наурызда тоқтатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер