Әлем футболы

Испания чемпионаты қашан басталады

Испания чемпионаты қашан басталады
news-banner7
mobile-news-top

Испания Ла лигасының қалған бөлігі маусым айының ортасында басталады, деп жазады Prosports.kz.

Чемпионат ерте болғанда 12 маусымда қайта жалғасады. Тамыз айында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасына уақыт табу үшін Испания чемпионаты маусым-шілде айларында өтеді деп жоспарланып отыр.

Ла лига басталуы мүмкін тағы бір күн - 19 маусым. Коронавирус пандемиясына байланысты қажет болғанда, чемпионаттың басталуын осы күнге дейін кешіктіру жоспарланған. Бұған дейін «Леганес» футбол клубының бас бапкері Хавьер Агирре Ла лиганың басталатын уақыты ретінде осы күнді атаған болатын.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, 4 мамырда ойыншылар жеке жаттығуға кіріседі. 11 мамырдан бастап шағын топпен жаттығу, 26 мамырда жалпы жаттығу басталады.

Ойындар көрерменсіз өтеді. Оның үстіне бір команданың екі кездесуінің арасы сөзсіз 48 сағаттан кем болмауы керек.

Коронавирусқа байланысты уақытша тоқтатылған футбол чемпионаттары біртіндеп басталып жатыр. Бұған дейін 16 мамыр күні Германия Бундеслигасы басталатыны хабарланған болатын.

Ресми: Германия чемпионаты 16 мамырда жалғасады

«Боруссия» бос стадионды жанкүйерлердің фотосуретімен толтырады

2030 жылғы әлем чемпионаты қай елде өтеді

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы қашан өтеді

«Барселонаны» үлкен өзгеріс күтіп тұр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер