«Ертіс» футбол клубы тығырыққа тірелді

«Ертіс» футбол клубы тығырыққа тірелді
news-banner7
mobile-news-top

Павлодар өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берген облыс әкімі Ertis ФК ойыншыларының жалақыларын минималды деңгейге дейін қысқартудың әділетті шешім екендігін, және ҚПЛ жалғасқан соң клуб чемпионатқа қатыспауы мүмкін екенін де айтты, деп жазады Prosports.kz, Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

- Бүгінде елімізде бизнес қызметі тоқтады деуге болады, адамдар қолдарына 42500 теңге алып жүрді. Футболшылар өз жалақысын миллиондардан 42500 теңгеге неге қысқарта алмайды? Меніңше, бұл - әділетті шешім. Болмаса футбол матчтары мен жаттығулар жоқ кезде футболшылардың миллиондаған ақша алуы жалғасатын еді, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Өңір басшысы атап өткендей, команданың Қазақстан чемпионатына қатысуын жалғастыруы да күмәнді. Клуб қарыздары команданың әрі қарай жылжуына кедергі келтіруде.

- Мен барлық жерлестеріміз сияқты Ertis-ке жаным ашиды, - дейді Әбілқайыр Сқақов. – Алайда қазірде легионерлердің жалақысын төлеуге қажет қаражат көзі жоқ. Бұл командамыздың Премьер-лига ойындарына қатысу мүмкіндігін кемітеді. Сол себепті спорт басқармасы футбол федерациясымен бірлесе тығырықтан шығар жол іздестіруде.

Айта кетейік, сәуір айының басында клубта өткен аудит нәтижелері жарияланды. Айталық, Ertis ФК салық есебінің дұрыс жүргізілмегені, соның салдарынан клубтың салық бойынша берешегі 973,9 млн теңгеге жеткені мәлім болды. Оған қоса, клуб жаттықтырушылар мен футболшыларға 379,5 млн теңге сомаға сметадан артық мөлшерде айлық төлеген. Естеріңізде болса, Ertis биылғы біріншілікте екі кездесу өткізіп үлгерді. Алғашында сырт алаңда «Қайсардан» жеңілген павлодарлықтар артынша өз алаңында «Қызылжармен» тең түсті.

Аты шулы Васильевтің «Ертістегі» мәнсабы ұзаққа созылмады

«Қаңтардан бері жалақы алмадық». «Ертістің» жағдайы мәз емес

«Жалақымның 50 пайызын президентке беруім керек болды». Легионер «Ақтөбедегі» жемқорлық жайлы

Ресейлік футболшы ҚПЛ жайлы: Қазақстанда бапкерлер емес, агенттер бәрін шешеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер