«Жалақымның 50% -ын президентке беруім керек болды». Легионер «Актөбедегі» жемқорлық жайлы

«Жалақымның 50% -ын президентке беруім керек болды». Легионер «Актөбедегі» жемқорлық жайлы
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» сапында қаралымда болған әзірбайжандық футболшы Фуад Байрамов Қазақстаннан қашуға не түрткі болғанын айтып берді, деп жазады Prosports.kz, Azerisport.com порталына сілтеме жасап.

«Ақтөбеге» баруға не себеп болды?

Менеджерлердің бірі маған қоңырау шалып, Векиль есімді жігіт бар деді. Мен оны танымайтын едім, бірақ ол маған «Ақтөбеге» ауысуға мүмкіндік бар деді. Себебі, клуб президенті оның бала күннен бірге келе жатқан жақын досы екен. Векильдің өзі футболды түсінбейтінін айтты. Ол 20 күнде хабарласатынын айтты. Бірақ, ешқандай хабар да болған жоқ, соңғы аптада мүлде ештеңе жазбады.

Содан кейін Леван Силагадзе мені «Ақтөбеге» шақырды. Клуб Instagram-да мен туралы жазды. Сол кезде Векиль маған: сен неге келдің, маған неге ештенке айтпадың деген мағынадағы хабарлама жазды. Мен «Рустави» президентінің көмегімен бұл клубқа ауысқанымды жаздым. Ол кісі менің жол шығынымды, тұратын жерімнің ақшасын төлеп берді. Векиль президентке жалақынның 50 пайызын төлеп тұрасың деп талап қойды. Оның үстіне, агенттің қолына да ақша ұстатуын керек. Мен бас тарттым. Себебі, «Ақтөбеге» ауысуыма Векильдің ешқандай көмегі тиген жоқ.

— Ары қарай не болды?

Екі күн бұрын командамен бірге жаттығуға шықтым. Бапкерлердің бірі маған келіп, жаттығу шықпайсың, басшылық солай шешті деді. Мен себебін сұрағанмен жауап ала алмадым. Векильге қоңырау шалып едім, ол маған былай деді: саған менімен жұмыс істе деп ескерттім. Жаттығуға қатыспасаң, алаңға да шыға алмайсың. Бұл жерде жалақынның жартысын берсең ғана күн көре аласың. Тіпті, негізі құрамнан да орын алуын мүмкін.

Мен осындай жағдай боларын межелеп елестеткем. Бірақ, осыншалықты бассыздық бола ма? Егер клуб президенті футболшылардан ақша талап етсе, не айтуға болады? Иә, агентке төлеу керек. Ол дұрыс. Бірақ шығын футболшының қалтасынан емес, клуб қазынасынан шығуы керек. Қалайша футболшының жалақысының жартысын бермеуге болады?

— Сіз түбегейлі қарсы болдыңыз?

— Әрине. Жұмыссыз қалмаймын. Сонда жарақат алып зиян шегетін - мен, ақшаны алатын - президент? Нағыз сауда-саттық. Сондықтан Грузияға қайтуды шештім.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер