Ресейлік футболшы ҚПЛ жайлы: Қазақстанда бапкерлер емес, агенттер бәрін шешеді

Ресейлік футболшы ҚПЛ жайлы: Қазақстанда бапкерлер емес, агенттер бәрін шешеді
news-banner7
mobile-news-top

Қысқы трансфер кезінде мәскеулік «Торпедодан» кеткен қорғаушы Михаил Багаев Қазақстаннан түскен ұсыныстарды неге қабылдамағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz, ресейлік Sportbox.ru порталына сілтеме жасап.

- Сізді Қазақстанға шақырғаны рас қой?

- Қазақстан? Олар күлкілі ақша ұсынды. Екінші лигадағы біздің клубтар да дәл сондай жағдай жасай алады. Мен тіпті талқыламағым да келмеді. Оған қоса олар маған қаралымда жүруді ұсынды. Бірақ менің жасым 20-да емес.

- Осы қыста ФНЛ-дың көптеген футболшылары ҚПЛ-ға қарай ағылды. Таңқаларлық жағдай емес пе?

- Көптеген футболшылар кеткені рас. Бірақ мәселе неде деген сұрақ туады, иә? Қай егент сонда абырой жинап, басын бір сұғып алса, соның футболшылары чемпионатта қаптап жүреді. Барлығы агенттердің қолында десек болады. Бапкерлер ештеңе шешпейді.

Аты шулы Васильевтің «Ертістегі» мәнсабы ұзаққа созылмады

«Оқжетпес» ойыншылар алдында қарызға белшесінен батты

«Жалақымның 50 пайызын президентке беруім керек болды». Легионер «Ақтөбедегі» жемқорлық жайлы

Ресейлік бапкер Маминов «Ақтөбені» сотқа бермек

«Шахтер» шетелдік футбол агенттігіне 45 миллион қарыз

Азат Перуашев: Жұрттан қалмайық деп футболға миллиондарды шашып жатырмыз

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер