Аты шулы Васильевтің «Ертістегі» мәнсабы ұзаққа созылмады

Аты шулы Васильевтің «Ертістегі» мәнсабы ұзаққа созылмады
news-banner7
mobile-news-top

Дмитрий Васильевтің бес дүркін Қазақстан чемпиондарымен ынтымақтастығы қырық күнге де жетпеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

26 ақпанда Васильев «Ертіс» спорт директоры қызметіне тағайындалған еді. Себебі қазақ футболының жанкүйерлері бұл азаматтың «Ақтөбедегі» «жемісті» қызметін жақсы білетін.

Павлодарлық клубқа келген соң, Васильев бапкерлер құрамын ауыстырды, трансфер саясатын да өз қолына алды. «Ертіс» маусым басындағы екі матчта бір ұпайға ғана қол жеткізді. Оның өзін Бірінші лигадан келген «Қызылжармен» өткен өз алаңындағы матчта еншіледі.

Қазіргі таңда чемпионат коронавирус індетінің өршіп кетпеуінің алдын алу мақсатында тоқтап тұр. Дәл осы кезде «Ертіс» пен Дмитрий Васильев жолдарының екіге айырылатының мәлімдеді.

Айта кетейік, жақында «Ертіс» футболшылары жалақыны уақытша тоқтату жөніндегі клубтың шешіміне түбегейлі қарсы болып, облыс басшылығына хат жолдаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер