«Қаңтардан бері жалақы алмадық». «Ертістің» жағдайы мәз емес.

«Қаңтардан бері жалақы алмадық». «Ертістің» жағдайы мәз емес.
news-banner7
mobile-news-top

Биылғы жылдың қаңтарында павлодарлық «Ертіспен» келісімшартқа отырған 29 жастағы ресейлік шабуылшы Максим Житнев «SILA Права» Youtube арнасының подкастында клубтағы жағдай туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазір мен «Ертіс» футбол клубындамын. Павлодарлық клуб Қазақстанда әйгілі ұжымдардың бірі саналады және жақында банкроттық туралы, клубтың ескі қарыздары жайлы және демеушілер клубтан бас тартты деген қауесет тарады. Бұл жағдай жақсы емес, өйткені біз командаға қыста келіп қосылдық, содан бері көптеген жігіттер әлі жалақы да алмады. Біз мұнда футболсыз, туыстарымыздан жырақта жүрміз және ешқандай табыс тауып отырған жоқпыз.

Отбасымызға ұшып кете алмаймыз, елде карантин жарияланған. Оның қашан аяқталары белгісіз. ол аз болғандай клубта да төтенше жағдай болып тұр және жанұясына үйден ұшуға мүмкіндік жоқ, өйткені елде төтенше жағдай режимі енгізілген және қашан қашан аяқталатыны белгісіз. Сонымен қатар бізде төтенше жағдай режимі бар, банкроттық бар, ал басшылық бізге ақша төлемей отыр, Шынын айтқанда олар бізді жалақысыз қалдырғысы келетін сияқты.

Жағдай өте қиын. Бүкіл команда осында Павлодарда. Жергілікті және шетелдік ойыншылар, бәріміз проблеманың шешімін күтіп отырмыз және бәрі оңалар деп үміттенеміз», - деді Житнев «SILA Права» Үoutube арнасына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер