ММА

Абдулманап Нурмагомедов ес-түссіз жатыр

Абдулманап Нурмагомедов ес-түссіз жатыр
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі, әрі жаттықтырушысы - 57 жастағы Абдулманап Нурмагомедов ауыр халде, ол Мәскеудегі әскери клиникалық ауруханалардың бірінде жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz Sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін үлкен Нурмагомедовты пневмония белгілерімен Дағыстандағы ауруханаға жатқызған, артынша ол Мәскеуге жеткізілді.

Сәрсенбі күні дағыстандық ММА файтерлері, атап айтқанда Ислам Махачев пен Мовлид Хайбулаев - жаттықтырушымен бірге түскен фотосуреттерін желіге жариялап, оқырмандарынан дұға етуді сұрады.

«Абдулманаптың жағдайы өте нашар, ол Мәскеуде комада жатыр», Мұнда (Дағыстанда) оны дұрыс емдемеген, соның кесірінен ауруы асқынған. Оны ұшақпен алып кетті, қазір ол Мәскеуде әскери госпитальда жатыр. Ол жерде жалғыз, туыстарына кіруге рұқсат жоқ», деп хабарлады дағыстандағы дереккөз Sport-express.ru сайтына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер