Бокс

Сарапшы: Головкин Альвареспен төбелесуге міндетті емес

Сарапшы: Головкин Альвареспен төбелесуге міндетті емес
news-banner7
mobile-news-top

Boxingnews24.com тілшісі Шон Джонс орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге мексикалық Сауль Альвареспен үшінші кездесу өткізудің қажеті жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Альварес Головкинмен болған екі жекпе-жектен кейін онымен үшінші рет кездесудің қажеті жоқ. Бокстың жанкүйерлері осы екі жекпе-жектен шаршады. Олардың көпшілігі үшінші шайқаста кім жеңетінін шешіп қойды. Олардың пікірінше, Головкин Лас-Вегастағы «Канеломен» алғашқы екі жекпе-жегінде «тоналды» және олар әділетті шешім шығарады деп сенбейді. Алғашқы екі жекпе-жегіне келер болсақ, Головкин 2017 жылғы алғашқы жекпе-жекте жеңіске жету үшін көп нәрсені жасады. Екінші текетіресте, бір жылдан кейін, 2018 жылы Головкин жеңіске, ең кемі тең нәтижеге лайықты еді.

Осы екі жекпе-жекті төрешілер қалай шешкенін ескерсек, Головкиннің «Канеломен» үшінші жекпе-жегін дәл қазір қабылдағысы келмейтіні таңқаларлық емес. Егер Головкинді «Канеломен» ешқашан кездеспейтін болса, оған кінә тағуға болмайды, өйткені жекпе-жекті жеңудің жалғыз мүмкіндігі - нокаут қана. 12 раунд екеуі шайқасса, ешкім оған жеңіс бермейді», - деп жазады Джонс

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер