Теннис

«Ролан Гаррос» көрерменсіз өтуі мүмкін

«Ролан Гаррос» көрерменсіз өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Атақты «Ролан Гаррос» турнирі көрерменсіз өтуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Франция теннис федерациясының президенті Бернар Джудичелли мәлімдеді.

Оның айтуынша, турнирді көрерменсіз өткізу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Жарыс көрерменсіз өткенімен, телетрансляция және серіктестік құқығы арқылы да табыс табуға мүмкіндік туады. Бірақ ең маңыздысы спортшылардың денсаулығына зақым келмеуі керек.

Айта кетейік, «Ролан Гаррос» турнирі 25 мамыр мен 7 маусым аралығында Франция астанасы Парижде өткізілуі керек еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты жарыс кейінге шегерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер