Велоспорт

Испаниялық танымал велошабандозға карантин режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды

Испаниялық танымал велошабандозға карантин режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды
news-banner7
mobile-news-top

Испаниялық шабандоз Алехандро Вальвердеге коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантин ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің ойымша, заңға сәйкес әрекет жасадым. Полиция мені тоқтатқан кезде маршрут бойынша келе жатқан едім. Полицей мені таныды, бірақ маған айыппұл түсе ме, жоқ па білмеймін. Мен бірінші болып жаттығуға шықтым, мені бірден ұстады.

Негізі, жаттығу керек-ақ. Маусым өте қиын болады. Оңтайлы формаға ие болу қиын. Жаттығу жоспары түзетілді», - дейді Валерде.

Испаниялықтың Movistar командасымен келісімшарты 2021 жылы аяқталады. Бірақ, 40 жастағы спортшы мансабын маусымның тоқтап қалуынан жоғалған уақытты өтеу үшін тағы бір жылға ұзартуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер