Бағдат Әлімбеков: «Манкенов пен Корчинскийдің кеткеніне таң қалдық»

Бағдат Әлімбеков: «Манкенов пен Корчинскийдің кеткеніне таң қалдық»

«Астана Арландары» командасының боксшысы Бағдат Әлімбековтің «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

- Бағдат, сәлеметсіз бе. Команда президенті Болат Манкенов пен бас бапкер Сергей Корчинский өз орындарынан кетуі сізді таң қалдырды ма?

- Иә. Біз үшін бұл таң қаларлық жаңалық болды. Болат ағамен қанша жыл бірге жұмыс істедік. Корчинский бапкердің қол астында чемпион атандық. Осылай болатынын күтпедік әрине. Кеткенін қаламадық бәріміз, бұған қоса олардың кетпеуі жайлы арыз жаздық.

- Жалпы, жаңа маусымға дайындық қалай өтуде?

- Енді соңғы дайындық бітті. Келесі жаттығулар желтоқсанда басталады. Бұған дейін директор, бапкер болып кім келеді, әлі белгісіз. Басқа адамның келуімен жоспарлар мен жаттығу процесстері өзгереді деп ойлап отырмыз. Шыны керек, бәрі басқаша болуы мүмкін. Бұл жайт бізге кері әсер тигізуі ықтимал. Қалай болатынын көрерміз.

- Осы биыл «Астана Арландары» көп жетекші боксшыларынан айырылды. Мәселен, Деревянченко кәсіпқой боксқа ауысты, команда капитан Башенов кетті...

- Өзіңіз білесіз, Қазақстанда бокс қатты дамыған. Әрине, оларды алмастыра алатын боксшылар табылады ғой. Десек те, Самат пен Сергей команданың жетекші боксшылары болды. Мықты жас боксшыларымыз бар, бірақ оларға әлі WSB-де біраз тәжірибе жинақтап, шындалуы керек. Олар бірден нәтиже береді деп айту қиын. Бірақ, олар талпынуда.

- Самат Башенов командадан неліктен кетті, білмейсіз бе?

- Не себепті екенін білмеймін. Бірақ, барлығымыз Саматқа қал деп айтқанбыз. Өзінің бір жағдайлары болған шығар. «Капитансың, керексің» деп талай көндіргенбіз.

- Команда әлі жаңа капитанды тағайындаған жоқ па?

- Желтоқсанда өтетін оқу-жаттығу жиынында белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или