Ауыр атлетика

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері спорттан шеттетілді

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері спорттан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық ауыр атлет Анна Нурмухамбетова допинг ережелерін бұзғаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Допингке қарсы орталықтың хабарлауынша, спортшының қанынан тыйым салынған оралтуринабол препараты табылған көрінеді.

Нурмухамбетова былтыр 17 қыркүйекте Талдықорған қаласында өткен Спартакиада ойындарынан кейін тест тапсырған. Дәл осы жарыс кезінде тапсырған қан сынамасынан тыйым салынған препарат табылып отыр. Дисквалификация мерзімі осы тест оң нәтиже көрсеткен күннен бастап, 2023 жылы аяқталады.

Қанынан дәл осы оралтуринабол препараты табылған спортшы Любовь Ушакова да төрт жылға спорттан шеттетілді.

Бұдан бөлек, жеңіл атлет Александр Безруков пен Олеся Задорожная, гимнаст Гаухар Тілеубаева, велошабандоз Роман Василенков және волейболшы екі жылға шеттетілді. Олардың барлығының 2020 жылдың алғашқы екі айында тапсырған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, зілтемірші Анна Нурмухамбетова 2012 жылғы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, бесінші орын алған болатын. Алайда 2016 жылы ол Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Себебі Беларусь спортшылары Марина Шкерманкова мен Дина Сазановецтің допинг-сынақтарын қайта қарау оң нәтиже көрсеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер