Қазақстан чемпионаты екі айналымнан аяқталады

 Қазақстан чемпионаты екі айналымнан аяқталады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігі футбол клубтары жетекшілерінің қатысуымен бейнеконференция өткізді. Онда елдегі футбол маусымын кезең-кезеңімен қайта қалпына келтіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия және төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету жөніндегі аймақтық жедел штаб жол берген соң, футбол клубтары жаттығу жұмыстарын қайта бастайды деп жоспарланып отыр.

ҚКФЛ әкімшілігі турнирді жоспарланған уақытта - қараша айында аяқтау үшін Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының кездесулер санын азайтуды ұсынды. Наурыз айында өткен 1 және 2-турды, сондай-ақ кейінге қалдырылған матчтарды ескере отырып, чемпионатты екі айналыммен аяқтау көзделіп отыр.

Осы схемаға сай, чемпионаттың қалған бөлігі маусым айында басталуы мүмкін. Бірақ матчтар көрерменсіз өтеді. Ал үшінші айналымның матчтары күнтізбеден алынады. Әрі алғашқы екі айналымның күнтізбесі жаңартылады.

Бұл нұсқаны ҚКФЛ президенті Олжас Абраев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында да айтқан болатын.

Сондай-ақ, маусым айында Бірінші лига клубтары арасындағы чемпионатты да бастау жоспарланып отыр. ҚКФЛ әкімшілігі турнирді екі айналым бойынша өткізуді ұсынды. Бір аптада 2 матч, келесі аптада 1 матч өткізу жоспарланған. Сонда екі аптада 3 матч өтеді. Осылайша, турнир қазан айының соңында аяқталады.

Ал Екінші лига командалары арасындағы чемпионатқа келетін болсақ, жаңа маусымға қатысуға 22 команда ниет білдірген. Лига әкімшілігі чемпионатты екі конференцияға - «оңтүстік-батыс» және «солтүстік-шығыс» бөлуді жоспарлап отыр. Әр конференцияда 11 командадан болады. Чемпионатты 22 қыркүйекте аяқтау жоспарланған. Әр конференцияның жеңімпазы бірінші лигаға жолдама алады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда футбол маусымы коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін, 16 наурызда тоқтаған болатын.

Абраев: Чемпионат екі айналымда аяқтайды немесе «күзгі-көктемгі» жүйеге ауысады

Футболдан Қазақстан Кубогына тек Премьер-лига командалары қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер