Абраев: Чемпионат екі айналымда аяқтайды немесе «күзгі-көктемгі» жүйеге ауысады

Абраев: Чемпионат екі айналымда аяқтайды немесе «күзгі-көктемгі» жүйеге ауысады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында маусымның қашан қайта басталуы мүмкін екенін айтты.

- Бастапқыда Қазақстан чемпионаты 15 сәуірге дейін тоқтатылады деп жоспарланған болатын еді. Бірақ елдегі төтенше жағдай мерзімі ұзартылғандықтан, футбол тойы да басталмады. Олжас Шәкенұлы, маусымның нақты қашан басталатынын айта аласыз ба?

- Біз ҚПЛ клубтарымен бейнеконференция өткіздік, жақын арада тағы бір кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Чемпионаттың қалған бөлігіне байланысты екі жұмыс нұсқасын қарастырып отырмыз. Біріншісі - чемпионаттың форматын өзгертіп, екі айналыммен аяқтау. Әрі осы нұсқаға басымдылық беріп отырмыз. Клубтармен талқылап жатырмыз. Бұл жағдайда біз турнирді жоспарланған уақытта - қараша айында аяқтай аламыз. Бізде көптеген футболшылардың келісімшарты осы айда аяқтайды.

Екінші нұсқа сәл қиындау. Ол бойынша Премьер-лиганы «күзгі-көктемгі» жүйеге көшіру қарастырылады. Бұл жобаның мақұлдануы екіталай, бірақ толығымен жоққа шығаруға да болмайды. Бұл нұсқаны енгізсек, біздің солтүстіктегі қалаларымызда - Петропавл, Көкшетау сияқты қалаларда матч өткізу қиындау болады. Бірақ бұл қиындықтан резервтік ареналарды табу арқылы шығуға болады.

Маусымды қайта бастаудың қай нұсқасын таңдасақ та, клбутарға қосымша шығын тудырмайды жолды таңдауымыз керек. Осы жағдайды және өзге де қағидаларды басты назарда ұстай отырып, ең оңтайлы тәсілді табуға күш саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер