Дзюдо

«Келесі жылы толық дайын боламыз». Елдос Жұмақанов Олимпиада ойындарына дайындық туралы

«Келесі жылы толық дайын боламыз». Елдос Жұмақанов Олимпиада ойындарына дайындық туралы
news-banner7
mobile-news-top

Танымал дзюдошы, Олимпиадалық лицензияның иегері Елдос Жұмақанов (66 келі) Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Олимпиада ойындарына дайындық және карантин кезіндегі жаттығу барысы туралы айтты.

- Карантин кезінде уақыт қалай өтіп жатыр?

- Вирустың бүкіл әлемге таралғаны жаман болып тұр. Індетті жұқтырған адамдар да көп. Барлық жоспар өзгерді. Оған қоса, Токио Олимпиадасы да кейінге қалды.

Карантиннің жалғыз плюс - отбасыңызбен және туыстарыңызбен көбірек уақыт өткізу мүмкіндігі. Өзін-өзі оқшаулау адамдарға жақсы әсер етуі мүмкін деп санаймын. Карантиннен кейін адамдардың 80% -ы ойларын өзгертеді, қажетсіз заттарға ақша жұмсамай, спортпен шұғылданады.

Карантиннің тағы бір плюсі, әрине, қасиетті Рамазан айында үйде боламыз.

- Олимпиаданың ауысуы сіздің жаттығуларыңызға әсер етті ме?

- Иә. Біз ұзақ дайындалдық, көптеген жарыстардан өттік. Негізгі басталуға бес ай уақыт қалды. Жаттықтырушылар екеуміз қажетті жарыстардың тізімін алдын-ала құрастырып, жаттығу жоспарын жасаймыз. Бұл мен үшін одан да жақсы. Келесі жылы біз 100% дайын болатынымызға сенімдімін.

- Үйде қалай жаттығып жүрсіз?

- Мен татамиде жаттығпағаныммен, өзімді өте жақсы сезінемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер