Ауыр атлетикадан ӘЧ. Ляо Хуэй – алтын жүлдегер, Линдер – ондыққа кірді

Ауыр атлетикадан ӘЧ. Ляо Хуэй – алтын жүлдегер, Линдер – ондыққа кірді

Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ерлер арасында 69 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі сайыс аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл салмақ дәрежесінде Қазақстанның намысын Альберт Линдер қорғаған. 18 жасар отандасымыз жұлқа көтеру  жаттығуында 145 келіні бағындырды. Ал бірінші орынды қытайлық Ляю Хуэй иеленді. Қытайлық зілтемірші 166 келіні еңсеріп, жұлқа көтеруден әлем рекордын жаңартты. Ресейлік Олег Чен 154 келімен екінші орынға тұрақты. Ал үздік үштікті 152 келі зілтемірді көкке көтерген мысырлық Мохамед Ихаб Юссеф Ахмед Махмуд түйіндеді.

Серпе көтеру жаттығуы Альберт үшін сәтсіз болды. Қазақстандық 170 келіні ғана бағындырып, 16-шы орынға тұрақтады. Екінші жаттығуда 193 келі зілтемірді көтере алған Ляо Хуэй тағы да үздік боп танылды. Екінші орынды 182 келіні алған мысырлық Махмуд еншіледі. Үшінші саты Солтүстік Корея елінің өкілі Ким Мион Хиокке бұйырды – 182 келі.

Қоссайыстың есебі бойынша алтын жүлдені Ляо Хуэй алды. Қытай елінің спортшысы 359 (166+193) келімен өз рекордын жаңартты. Күміс медальды мысырлық Мохамед Ихаб Юссеф Ахмед Махмуд мойнына тақты. Махмуд қос жаттығу нәтижесі бойынша 334 (152+182) келі көтерген. Ал үшінші орынға Ким Мион Хиок (152+182=334)тұрақтады. Қазақстандық Альберт Линдер қоссайыс есебі бойынша үздік ондықты түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или