Жұлқа көтеруден соң Альберт Линдер алтыншы орында келеді

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының ерлер арасында 69 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі сайысында жұлқа көтеру жаттығулары бітті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстанның намысын қорғайтын 18 жасар Альберт Линдер 145 келіні көтерді, дегенмен 150 кг қазақстандыққа бағынбады. Әзірше бірінші орынды қытайлық Ляо Хуй 166 келімен еншілеп тұр. Ресейлік Олег Чен 154 келіні көкке көтеріп, екінші орында келеді. Ал үздік үштікті түйіндеген египеттік Мохамед Ихаб Юссеф Ахмед Махмуд 152 келіні бағындырды. Линдер – әзірше алтыншы орында.

Бір айта кетерлігі, Ляо Хуй 166 келімен жұлқа көтеруде әлем рекордын жаңартты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или