«Қайрат» қола жүлдегер. Вайсстың командасы минималды есеппен ұтылды

Футболдан ел біріншілігіндегі соңғы кездесулердің бірі өтті. Елордалық команданы қабылдаған «Қайрат» өз алаңында жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Өткен турда «Ақтөбеге» қосалқы құрамды шығарған Станимир Стоилов бұл жолы тәуекелге бармады. Негізгі құрамда тек Елдос Ахметов пен Таңат Нөсербаев жоқ. Дегенмен елордалықтар ойынды белсенді бастады. 4-ші минутта «Қайраттың» жас қақпашысы Сергей Ткачуктың өрескел қателігінен кейін Патрик Твумаси есепті ашты. Алматылықтар мұндай бастаманы күтпеген болса керек, алаңда әбден абдырап қалды. Алғашқы таймның ортасына қарай алаң иелері шабуылдарын үдете бастады. Қарымта шабуылда астаналықтардың жолы болды. Серікжан Мұжықов айып алаңынан допты қақпаның тоғыздығына «топ» еткізді. Есеп – 0:2. Еш дәрменсіз болған Владимир Вайсс демін ішіне тартты...

Екінші таймда алаңға Жерар Гоу шыққаннан кейін «Қайраттың» ойынына қан жүгірді. Оң қапталмен шабуылдаған Сито Риера «Астана» қақпашысы Ненад Эричтен айласын асырғанымен, доптың жолын бағана бөгеді. Екінші деммен соққы жасаған испаниялық шабуылшының алдына қорғаушылар тосқауыл бола білді. Елордалықтар тағы да қарымта шабуылда «Қайраттың» осал жерін тапты. Қақпашы Ткачук пен қорғаушы Рудосельский бір бірін түсіне алмай бұл сәтті Фокси Кетевоама пайдасына асырып допты бос қақпаға аттандырды. Қос команда ойыншыларының жүйкесі сыр бере бастады. Кездесудің бас төрешісі Игорь Хусамутдинов жасыл алаңда төбелес ұйымдастырмақшы болған ойыншыларға сары қағаз көрсетті. Ойынның соңғы минуттарында Жерар Гоудың гол соғатын мүмкіндігі болып еді, алайда қапталдағы төреші жалаушасын көтерді. Артынша Рохер Каньяс жасады, оның қақпа маңындағы қайшылап тепкен добы Ткачуктың иелегінен тыс кетті. Қосымша уақытта шабылға шыққан алматылықтар тағы бір гол соқты. Дубль авторы Жерар Гоу. Қорытынды есеп – 2:3.

Осылайша, «Қайрат» чемпионаттың қола жүлдесін місе тұтты.

Футболдан Қазақсан чемпионаты. 32-тур.

«Қайрат» (Алматы) - «Астана» (Астана)-3:2 (2:0)

Голдар: Гоу 59, 90 - Твумаси 5, Мұжықов 36, Кетевоама 53,

«Қайрат»: Ткачук, Рудосельский, Гурман, Маркович, Қуантаев, Едигарян, Байтана, Исламхан (к), Дарабаев, Лунин, Риера.

«Астана»: Эрич, Аничич, Кетевоама, Мужиков, Бейсебеков, Твумаси, Джолчиев, Эссаме, Постников, Шомко, Каньяс.

Бас төреші: Игорь Хусамутдинов (Павлодар)

Қосалқы төрешілер: Валерий Гусев (Көкшетау), Рустам Суюнов (Павлодар)

Алматы, Орталық стадион. 9 қараша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или