Ауыр атлетикадан ӘЧ. Маргарита Елисеева жарыстан шет қалды

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында әйелдер арасында 48 келіге дейін салмақ дәрежесінде жұлқа көтеру жаттығуы аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қазақстандық Маргарита Елисеева үш мүмкіндігінде де тапсырыс берген салмағын бағындыра алмай, өкінішке қарай, сайыстан шет қалды.

Ал әзірше қытайлық Тан Яюн 86 келіні бағындырып, көш басында келеді. Оның ізінен түркиялық Сибель Озкан Конак 84 келімен екінші орында тұр. Үздік үштікті тайландтық Панида Хамсри түйіндейді - 81 келі.

Бір айта кетерлігі, Елисеевамен бірге түркиялық Нурчан Тайлан 80 келіні үш мүмкіндігінде де көтере алмай, жарысты ерте аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или