Ауыр атлетикадан ӘЧ. Юн Чол Ом - алтын жүлдегер, Арли Чонтей - алтыншы

Ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде ерлер арасында 56 келіге дейін салмақ дәрежесінде Солтүстік Корея елінің өкілі Юн Чол Ом алтын жүлде алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Юн Чол Ом қос жаттығу нәтижесі бойынша 296 келіні (128+168) еңсерді. Дәл осындай нәтиже көрсеткен вьетнамдық Ким Туан Тач салмағының ауыр болғанына байланысты күміс жүлдені місе тұтты. Дегенмен 20 жасар Тач осы көрсеткішімен жастар арасындағы әлем рекордың жаңартты. Үздік үштікті қытайлық Цинцюань Лун түйіндеді - 293 (133+160).

Ал Қазақстанның намысын қорғаған Арли Чонтей (129+145=274) алтыншы орынды қанағат тұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или