«Алматылық Легион» «Каспийді» тағы да ұтты

«Алматылық Легион» мен «Каспий» арасындағы серияның екінші матчында да Оңтүстік астанамыздың командасы басым түсті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ақтаулықтар кешегі кеткен есені қайтару үшін бірінші минуттан алға ұмтылып, басымдыққа ие болды. Матчтың басы «Каспий» ойыншыларының жоспарындай болды - бірінші кезеңде олар 27:21 есебімен жеңді. Екінші кезеңнің басында қонақтар шабуылын жалғастыра берді, кейін алаң иелері ойынды өз қолдарына алып, үлкен үзіліске «Легион» жеңімпаз ретінде кетті - 45:40.

Үшінші кезеңде Александр Чернов шәкірттері басымдығына тағы да алты ұпай қосып, ақтық сирена 88:77 есебімен «Легионның» жеңісін тіркеді.

«Алматылық Легион» (Алматы) – «Каспий» (Ақтау) 88:77 (21:27, 24:13, 19:13, 24:24)

«Алматылық Легион»: Кожанов (19), Михеев (15), Свиридов (15), Воейков (12), Амирханов (9), Евстигнеев (9), Котенко (6), Рагуев (3).

«Каспий»: Эрнс Улуу (18), Рамишвили (16), Щербак (15), Казанцев (10), Ягодкин (9), Смирнов (6), Пан (3).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или