Қайрат Нұрдаулетов: «Мұндай мереке күнде бола бермейді»

Қайрат Нұрдаулетов: «Мұндай мереке күнде бола бермейді»

Тұңғыш рет футболдан ел чемпионы атанған «Астана» командасы марапатталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кеше түнде елордаға оралған команданы жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды. Премьер-лигада топ жарған Станимир Стойлов шәкірттері кейінге қалдырылған 24-ші турдың кездесуін Ақтөбеде өткізіп қайтты. Маңызы шамалы матч нәтижесі "Астаналық" команданың көңіл-күйіне әсер еткен жоқ. Қажетті ұпайға екі ойын бұрын қол жеткізген су жаңа чемпиондар биылғы маусымды Алматыда аяқтайды. Премьер-лиганың соңғы турында Астана Қайратпен алаңға шығады.

Қайрат НҰРДӘУЛЕТОВ,  "АСТАНА" КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ:

- Біздің жанкүйерлердің келгеніне көп рахмет айтқымыз келеді, командамыздың атынан. Бұндай әр күн болып жатқан жоқ. Өзіміз алдында да айтып кеткенбіз, біздің жанкүйерлер аз Астанада, ешкім стадионға келмейді деп. Бүгін өзіміз де күтпеген нәрсе болып қалды.

Елдос АХМЕТОВ, "АСТАНА" ФУТБОЛШЫСЫ:

- Бұл сезім өте іштегі нәрсені тілмен жеткізе алмайсың да, қуаныштымын. Көп рахмет осындай жанкүйерлерге бізге қолдау көрсетіп жатқандарына.

Ел чемпиондары әуежайдан түсе сала кезекті салтанатты шараға аттанды. Бұл жолы команданы футбол федерациясының мамандары мен ресми қонақтар құттықтады. Үздіктерге қызыл кілем төсеп тұрып құрмет көрсеткен ұйымдастырушылар, футболшылар мен бапкерлерге және команда басшылығына алтын медальдарды табыс етті. "Астанаға" жүлде мен чемпиондық тәжді қала әкімі, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков табыстады. Ішкі біріншілікте қарсыластарынан үздік шыққан команда алдағы маусымда Еурокубок додаларында сәтті өнер көрсетуі керек, оған "Астананың" шамасы жетеді, деді, Жақсыбеков.

kazakh-tv.kz сайтының мәліметі бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или