русский язык
ММА

«Ашық айқас болады». Асу Алмабаев Фергюсон - Гэтжи жекпе-жегіне болжам жасады

«Ашық айқас болады». Асу Алмабаев Фергюсон - Гэтжи жекпе-жегіне болжам жасады
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы M-1 Global чемпионы Асу Алмабаев (56 келі) Underdog спорт агенттігіне берген сұхбатында Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жекке болжам айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Екі спортшы да ашық айқасты жақсы көреді. Екеуі де төзімді. Тони жеңіске жетеді деп ойлаймын, себебі ол турнирге толыққанды дайын. Ал, бейқам жатқан Гэтжи өзінің Фергюсонмен төбелесетінін жақында ғана білді.

Тони мен Хабибтің ықтимал жекпе-жегіне келетін болсақ, бұл жерде бәрі басқаша. Хабиб барлық жағынан мықты. Қазір Хабибтің уақыты. Хабиб жеңіске жетеді, өйткені ол жеңіл салмақ (70 келі) үшін өте мығым. Ол физикалық күшінің арқасында жеңіске жетеді. Фергюсон балуандарға қарсы айтарлықтай қиындыққа тап болады», - деді Алмабаев.

Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жек 19 сәуірде таңертең UFC 249-да өтеді. Бастапқыда Фергюсон жеңіл салмақтағы чемпион Хабиб Нурмагомедовпен жұдырықтасуы керек болатын.

Хабиб бас тартқан UFC 249 турнирінің қайда өтетіні белгілі болды

Хабиб: Фергюсон де, Конор да менің деңгейімде емес

UFC Хабиб төңірегінде соңғы үкім шығарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;