Таңат Нөсербаев: «Команданың талмай еткен еңбегінің арқасында чемпион атандық»

Таңат Нөсербаев: «Команданың талмай еткен еңбегінің арқасында чемпион атандық»

«Астана» капитаны Таңат Нөсербаев көптен күткен жеңістен соң клубтың ресми сайтына берген сұхбатында ел чемпионатында команданың сәтті ойнауының құпиясын ашты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Таңат, чемпионаттағы жеңіспен тағы бір рет құттықтаймын! Әсерлеріңіз қандай?

- Бүгін бізге тек жеңіс қажет еді! Қатарлас матчағы оқиғаның дамуын аңдыдық және әрине, алаңдадық. Біздің алдымызда мақсат қойылды — чемпионаттың қорытынды матчтарын барынша топталып және бірігіп өткізу. Көптен тілеген чемпионаттағы жеңіске жете алғанымызға ризамын.

- Зарыға күткен чемпиондықтың дәмі қандай?

- Барлық біздің командаға алғыс айтқым келеді. Бұл біздің ұжымның еңбегі. Ауыр еңбектің арқасында бұйырған жеңіс! Әрине, маусымның бойында әлдебір құлдырау болған, бірақ ең бастысы — біз өзімізді қолға алып, қойылған мақсаттарға жеттік.

- Бүгін чемпионаттағы мүмкін ең қолайсыз қарсылас - «Қайсармен» кездескен шығарсыздар.

- Шынында да, «Қайсар» осы маусымда чемпионаттағы барлық командалардың қанын ішкен шығар. «Қайсар» - жақсы команда және ұтыс оңай берілмеді.

- Сіз үшін маусым екі есе сәтті болды, деп есептеймін, өйткені Сіз «Астананың» чемпион құрамының капитаны болдыңыз.

- Иә, команданың капитаны болу – үлкен жауапкершілік. Бапкерлер мен команда бойынша барлық серіктестеріме көрсеткен сенім үшін алғыспын.

- Осы маусымдағы қай матч Сіз үшін ең есте қаларлық?

- Мүмкін, Еуропа Лигасындағы «Хапоэльмен» үй матчы және сөзсіз – бүгінгі.

- «Астана» 5:1 болып ұтқан «Қайратпен» ойын жайлы не айтасыз? Бұл маусымның басты ойыны болды ма?

- Сондай ойындар көп болған. Әрине, бұл тікелей бәсекелеске қарсы маңызды матч болған, бірақ басты емес. Барлық ойындар өте мағыналы болды.

- «Астана» осы маусымда өзінің тікелей бәсекелестерін ірі есеппен ұтып отырды. Осындай сәттіліктің құпиясы неде?

- Құпия? Шабуылдағы жақсы ойынымызда шығар. Онымен қоса қорғаныс та жақсы ойнадық. Станимир Стойлов берік және тұтас ойынды құра алды.

- Кімді сіз Қазақстандағы маусымның ең үздік ойыншысы, деп атаушы едіңіз?

- Мен үшін Бауыржан Исламхан және Самат Смақов үздік болды.

- Осы үлкен жеңісті қалай тойлайсыз?

- Салтанат болады — тойлаймыз!

fca.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или