Дзюдо

Теміржан Дәулет: Токио ойындары шегерілді деп өкінудің қажеті жоқ

Теміржан Дәулет: Токио ойындары шегерілді деп өкінудің қажеті жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Парадзюдодан Азия чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы Теміржан Дәулет Олимпиада мен Паралимпиаданың шегерілуіне қатысты пікір білдірді.

«Токио ойындары шегеріліп қалды деп өкінудің қажеті жоқ деп ойламын. Барлық істің түбінде қайыры бар. Керісінше, осы кезеңді тиімді пайдаланып, күш қуатымызды жетілдіріп, кітап оқып, ақыл ойымызды шыңдап, уақытты өз еншімізге аударуымыз керек деп есептеймін. Уақытты ешбір адам жеңе алмайды, ол анық, бірақ сол уақытты адам өз ұпайына қолдана алады, ол әрбір адамның жеке таңдауы. Бұйырса келесі жылға үлкен мақсат қойып отырмыз, жақындарымыз, бапкерлеріміз, барша Отандастарымыз үміт артып отырғанын білеміз, себебі үлкен спорттың әлемдік аренада айрықша орны бар.

Спорт адамзатқа үміт береді, сенім сыйлайды. Мен де, сол сенімді ақтау үшін аянып қалмаймын. Дегенмен дәл қазір, басында айтып кеткенімдей, сабырлық танытып, мамандардың кеңесін тыңдап, үйде болуымыз қажет. Әр адамның жеке жауапкершілігі мен тұтастай халқымыздың денсаулығы тікелей байланысты болып отыр, соны түсінейік. Күнделікті тиянақты жаттығулардың жоспарын құрып отыру қажет, себебі әр істің жемісі – сапалы жоспарға байланысты. Осының барлығы да уақытша екені мәлім, бірлікте біз бұл дертті жеңеміз, сондықтан мойымайық, жігерлі болайық, мықты болайық, ағайын!», - деді Теміржан Дәулет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер