Әлем футболы

«Коронавирусқа вакцина табылмай, футбол болмайды». «Реал» өкілдері пессимистік көзқарас танытты

«Коронавирусқа вакцина табылмай, футбол болмайды». «Реал» өкілдері пессимистік көзқарас танытты
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтің «Реалы» өкілдері коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған футбол матчтары қашан басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, «Реал» командасының өкілдері коронавирусты тиімді емдеу немесе вакцина таппайынша футбол қайта басталмайды деген сенімде. Ла Лига маусымда жалғастыруды жоспарлап отырғаны туралы хабарланған. Алайда, мадридтіктер чемпионаттың жалғасын табарына сенбейді. Сонымен бірге клуб ойынға оралмақ түгілі, топтық жаттығу өткізуге де күмәнмен қарайды, ал клубтың бас жаттықтырушысы Зинедин Зидан келесі маусымды ойластырып жатыр.

Еске сала кетелік, ДДСҰ коронавирус пандемиясы алғаш 11 наурызда жариялаған. Аурудың алғашқы белгісіз түрі алғаш рет 2019 жылдың соңында Уханьда (Хубэй провинциясы, Қытай) тіркелді. Содан бері вирус 150-ден астам елге таралған. Әлемде инфекция 850 мыңнан астам адамға жұқса, оның 41 мыңы көз жұмды. Сонымен қатар, ауруды жұқтырғандардың 176 мыңнан астамы емделді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер