Хоккей

«Барыс» допингпен ұсталған спортшыдан сырт айналды

«Барыс» допингпен ұсталған спортшыдан сырт айналды
news-banner7
mobile-news-top

Кеше «Барыс» мектебінің бұрынғы ойыншысы Владислав Никифоровтың тыйым салынған мельдоний препаратын пайдаланып, ұсталғаны белгілі болды. Елордалық клуб бұл оқиғаға өздерінің қатысы жоқтығын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Соңғы рет ол «Снежные Барсы» командасында 2019 жылдың қазан айында ойнады. Содан кейін жарақат алған еді. Ал 2020 жылдың 24 қаңтарында келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды», - деп жауап берді клубтың баспасөз қызметі.

Оған қоса, хоккейші бұл заттың өз денесіне кездейсоқ түскенін айтты. Ол клиникада емделу кезінде өзінің спортшы екенін айтпаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер