ММА

Дэйна Уайт: UFC 249 сәуір айында өтуге тиіс

Дэйна Уайт: UFC 249 сәуір айында өтуге тиіс
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дана Уайт UFC 249 турнирінің өтетін орнын айтқысы келмеу себебін түсіндірді. Ұйым басшысы сондай-ақ кард құрамы жөнінде де сөз қозғады, деп хабарлайды Prosports.kz AllBoxing сайтына сілтеме жасап.

«Бәрін қызықтыратын бір айқас бар. Бұл Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек екені даусыз. Ол өтеді Жақында Роуз Намаянас «Сен тек Хабибтің жекпе-жегі туралы айтып отырсың. Мен төбелесемін бе?» деп маған тап берді. Иә, ол төбелеседі. Ол жаттығып жүр. Джессика Андраде де дайын, ол Роузбен айқасқысы келеді.

Біздің турнирді өткізетін жеріміз бар, бізде барлық ресурстар бар. Ол жерді айтайын ба? Мен журналистерге ештеңе айтпаймын. Кетсінші әрі! Себебі әр таңда мені бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз пікірлер қарсы алады. Сіздердің не ойлайтындарыңызға түкіргенім бар. 18 сәуірде сіз теледидарды қосып, турнирді көресіз бе, жоқ па?! Сізге келудің қажеті жоқ, өйткені жанкүйер болмайды. Турнирді трансляциялау үшін камералармен бірге келудің қажеті жоқ. Мұның бәрі сізсіз 18 сәуірде ме, өтеді».

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Уайт турнирдің құрамын өзгертіп, оны «спорт тарихындағы ең керемет турнир» еткісі келетіні туралы мәлімдеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер