ММА

UFC басшысы бокс әлемін сынға алды

UFC басшысы бокс әлемін сынға алды
news-banner7
mobile-news-top

UFC басшысы Дана Уайт әлемдік бокс экономикасын сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz AllBoxing-ке сілтеме жасап.

«Мен бокс туралы жаман сөздер айтқым келмейді, алайда бұл былыққа толы әлем. Мүмкін болса, оны түзету керек. Мен былтыр қазан айында баспасөз мәслихатын өткізіп, бәрін жариялайын деп едім, бірақ мен боксты, бокстың экономикасын зерттей бастағанда - мұның былыққа толып қалғанын көрдім. Бұл сұмдық былық және үлкен проблема. Мұны түзетуге бола ма, тіпті білмеймін», - деді Уайт.

Еске сала кетейік, дәл қазір Дэйна Уайт UFC 249 турнирін ұйымдастырумен басы қатып жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер