Әлем футболы

Роналду Коронавирус пандемиясымен күреске 1 миллион еуро аударды

Роналду Коронавирус пандемиясымен күреске 1 миллион еуро аударды
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің агенті Хорхе Мендеспен бірге коронавируспен ауыратын науқастарға арналған үш реанимация бөлімшесіне ақша бөлді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Daily Mail жазады. Дереккөздің хабарлауынша, футболшы мен оның өкілі Лиссабон мен Порту қалаларында орналасқан екі ауруханаға 1 миллион еуро аударған. Жаңа палаталар өкпені қолдан тыныстандыру аппараттарымен жабдықталады.

Санта-Мария ауруханасының меңгерушісі Даниэль Ферро португалиялық пен оның агентіне алғысын білдірді.

Еске сала кетелік, Роналду бұдан бұрын өзінің брендтік қонақүйлерін аурухана етіп, онда жұмыс істейтін қызметкерлерге жалақы төлеуге келіскен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер