Әлем футболы

Роналду мен оның агенті коронавируспен күресу үшін қомақты қаржы бөлді

Роналду мен оның агенті коронавируспен күресу үшін қомақты қаржы бөлді
news-banner7
mobile-news-top

Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мен оның агенті Хорхе Мендеш коронавирус пандемиясымен күресу үшін қомақты қаржы бөлді.

Футболшы агентімен бірге Португалияда коронавирус жұқтырғандарды емдейтін үш емханаға 1 миллион еуро бөлген.

Сондай-ақ "Ювентус" шабуылшысы бұған дейін өзінің қонақүйлерін тегін аурухана еткен еді.

Еске сала кетейік, Роналду Италияға барудан бас тартты, оған себеп, туриндік клуб сапында ойнайтын Даниэле Руганидің коронавирус инфекциясын жұқтырып алуы болып отыр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер