Майкл Конлан:Боксшылар үйсіз қалуы мүмкін

Ирландиялық кәсіпқой боксшы Майкл Конлан коронавирус пандемиясының боксшыларға тигізіп жатқан кесірі жайлы айтты. <br />«Көп боксшылар бір жекпе-жектен келесі жекпе-жекке дейін өмір сүреді. Яғни бір жекпе-жектен ақша алып, келесіге дейін соны жеткізеді. Қазір біз бокс қашан қайта оралатынын білмейміз. Осы жағдайда көптеген боксшылар үйсіз қалуы мүмкін.Себебі бәріне несие немесе жалдамалы пәтердің ақысын төлеу керек. <br />17 наурыз өтетін бокс кешіне барлық боксшылар қатты дайындалғанымен, соңында бір тиын алмады. Бәріне коронавирус себепкер. Осы вирустың кесірінен көпшілігімізді қиындықтар күтіп тұр»,- деді Майкл Конлан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или