ММА

«Көрермен көп жиналады». Сарапшы Резников - Раисов жекпе-жегі туралы айтты


«Көрермен көп жиналады». Сарапшы Резников - Раисов жекпе-жегі туралы айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Вестник ММА» инстаграм-парақшасының авторы «Сториз» бөлімінде қазақстандық Артем Резников пен ресейлік Юсуф Раисов арасындағы болуы ықтимал жекпе-жек туралы жазылушылардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Мен ойымша көрермен көп жиналуы тиіс. Бұл жекпе-жек Юсуфқа несімен қызық? Медиалық тұрғыда ол көп нәрсе ұтар еді, себебі, Артем Резников бразилиялық файтерлерден әлдеқайда мықты. Шынымды айтсам, Юсуфтың мотивациясын түсініңкіремеймін. Менің ойымша, бұл қызықты кездесу, қызықты матч-мейкинг болар еді», - деп жазады автор.

Еске сала кетейік, Артем Резников Алматыда өткен АСА 105 турнирінің бірінші раундында грозныйлық Хасан Халиевті самбишенмен жеңді. Ал Юсуф Раисов өзінің соңғы кездесуін Санкт-Петербургте ACA 103 турнирінде өткізді. Сол күні ол бразилиялық Раймундо Батистаны техникалық нокаутпен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер