Әлем футболы

Неміс вирусологы: Биыл футболмен қош айтыса беруге болады

Неміс вирусологы: Биыл футболмен қош айтыса беруге болады
news-banner7
mobile-news-top

Неміс вирусологы, профессор Йонас Шмидт-Шаназит, биылғы жылы коронавирустың кесірінен футбол турнирлерін қайта бастаудың мүмкін еместігін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«2020 жылы футболмен қоштаса беруге болады. Осы маусымың қалай аяқталатынын болжау мүмкін емес. Еуропада жағдайды және тағы не күтіп тұрғанын көріп отырмыз. Вирус бізге кесірін аса тигізбесе де, бұл матчтарды қайтадан бастауға болады дегенді білдірмейді. Себебі маусымды қайта қалпына келтіру жағдайды ушықтыра түспек, демек, біз футболды келесі жылы бір-ақ бастау керек дегенді меңзеп отырмыз. Әйтпесе футбол матчтарын көрерменсіз өткізсең де, олар жиналып басқа жерде тамашалауы мүмкін. Қазір ең алдым басқа мәселелерді қарастыру керек, бұқараның мәселесі кейінге қалсын», - деді ғалым.
Еске сала кетейік, Еуропада футболдан Беларусь чемпионатынан басқа барлық жарыстар тоқтатылды.

УЕФА ағымдағы маусымдағы турнирлерді 30 маусымға дейін аяқтауды ұсынды, бірақ олардың қайта басталуының нақты уақыты әлі анықталған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер