Әлем футболы

Коронавирус инфекциясын жұқтырған «Реалдың» экс-президенті өлім аузында жатыр

Коронавирус инфекциясын жұқтырған «Реалдың» экс-президенті өлім аузында жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реалдың» бұрынғы президенті Лоренцо Санстың жағдайы айтарлықтай нашарлап кеткен. Бұл туралы оның ұлы айтты деп хабарлайды, Prosports.kz.

Корольдік клубтың бұрынғы басшысы коронавирусқа байланысты реанимацияда болған.

«Біз тек дәрігермен сөйлестік – жақсы жаңалық жоқ. Тыныс алу жүйесіндегі проблемалардан басқа, инфекция кесірініен бүйрек жетіспеушілігі пайда болған. Біз тағы 24 сағат күтуіміз керек, бірақ оның жасы да біразға келді, ол да жағдайды күрделендіріп тұр. Ең қиыны, онымен бірге бола алмауымыз», - деп жазды кіші Санс Twitter желісіндегі парақшасына.

Кәсіпкер 76 жаста, сондықтан жоғары қауіпті аймақта саналады. Ол 1995-2000 жылдар аралығында «Реал» президенті болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер