Пеле: Қазіргі таңда әлемдегі ең үздік ойыншы - Роналду

Пеле: Қазіргі таңда әлемдегі ең үздік ойыншы - Роналду

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле қазіргі таңдағы және футбол тарихындағы ең үздік ойыншыны атады, деп жазады Prosports.kz.

«Менің ойымша, қазіргі футболдың ең мықтысы - Криштиану Роналду, ол ең тұрақты ойыншы. Әрине, Месси жайлы да осылай айтуға болады.

Ал тарихтағы ең үздік кім? Бұл күрделі сұрақ. Зико, Роналдиньо, Роналдоларды атауға болады... Еуропада Кройф пен Беккенбауэр керемет өнер көрсетті. Бірақ менің ойымша, Пеле бәрінен мықты болды. Неге? Себебі жоғардағы үздіктердің бәрін менімен салыстырды», - деді Пеле.

Қазір бразилиялық футболшы карантинде жатыр. Ол COVID-19 вирусын жұқтырып алмау үшін өзін қоғамнан оқшаулаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или