Қазақстандық боксшының жекпе-жегі өтпейтін болды

Қазақстандық боксшы Станислав Калицкийдің (10-0, 3КО) кезекті жекпе-жегі коронавирус қаупіне байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Калицкий 4 мамырда Екатеринбургте (Ресей) өтетін бокс кешіне қатысуы керек еді. Алайда, шара тоқтатылды.
«Достар, өкінішке орай, коронавирустың кесірінен менің жекпе-жегім тоқтатылды», - деп жазды Калицкий Instagram желісінде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или