Командалық

Екі дүркін Олимпиада чемпионы коронавирус инфекциясын жұқтырды

Екі дүркін Олимпиада чемпионы коронавирус инфекциясын жұқтырды
news-banner7
mobile-news-top

ҰБА-дағы «Бруклин Нетс» командасының төрт ойыншысы коронавирус инфекциясын жұқтырып алды, оның бірі Кевин Дюрант болып шықты, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық баскетбол ассоциациясының екі дүркін жеңімпазы және АҚШ құрамасы сапында екі рет Олимпиада чемпионы атанған Дюрант бұл жаңалықты The Athletic инсайдері Шэмз Чаранияға айтқан. Дегенмен спортшының жағдайы жақсы көрінеді.

«Бәріңізге айтарым, абайлап жүріңіздер, карантинді бұзбаңыздар. Бұл қиындықтан да өтерміз», деген спортшының сөзін Чарания Твиттердегі парақшасына жазып қойған.

Еске сала кетелік, 2019 жылдың жазында «Бруклин» сапына ауысқан баскетболшы жарақатын әлі емдеп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер