«Қайрат» Премьер-лига тәртібін бұзды

Алматылық «Қайрат» Қазақстан чемпионатының 31-ші турында Премьер-лига тәртібін бұзды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Чемпионатымыздың регламентінде былай жазылған: «Чемпионат матчының хаттамасында бір команданың сапында 7-ден астам легионер болмау қажет, матчта оның бесеуі ғана бір уақытта алаңға шыға алады».

Бұл кездесуге келер болсақ, матчтың соңында Владимир Вайсс алты шетелдік ойыншыны шығарды – Любомир Михалик, Артур Едигарян, Сито Риера, Исаэл да Силва, Жарко Маркович және Жерар Гоу.

Естеріңізге сала кетсек, ойын «Ақтөбенің» жеңісімен аяқталған болатын. Бұл жеңілістен кейін «Қайрат» чемпион болу мүмкіндігінен айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или